Кепілсіз цифрлық несие

Әйелдерге бағытталған алғашқы несиелік өнім

Несие алу

Табысқа бағытталған әйелдер шабыттандырды

Тиімді ставка жылдық 29.1%-дан бастап
HCB ұсынған қолайлы қосымша
Тиімді виртуалды карта

Хэбэшкалар сияқты ыңғайлы

3 минутта ақша ресімдеу, бірден шотқа түседі

Стрестен тайлық SPA секілді арылтады

5 жылға 10 млн дейін кепілсіз

Сен баяғыдан армандаған мақсаттарға

Жөндеу, Dyson, Маммопластика

Несие алу

Пікірлер

«Клиникада кеңесте болдым, бірден жақсы жеңілдікпен төлеуді ұсынды.  Несиені сол сәтте ресімдеп, 20% үнемдедім. Рақмет, Клара».
Жанна Жәнібекқызы
«Маркетплейстерде сауда жасаймын, төсек-орын жабдықтарын тез арада төлеу керек болды. Клараға тез әрі ыңғайлы шешім үшін рақмет. 3 айда жаптым».
Айжан Жамбылқызы

Klara Ai-мен әйелдер қоғамдастығының бір бөлігі бол

Несие алу

Жиі қойылатын сұрақтар

Несие алу үшін ең төменгі айлық табыс қандай болуы тиіс?

Ең төменгі кіріс бойынша шектеулер жоқ.

Әрбір нақты жағдайда шешімді жеке автоматтандырылған жүйе қабылдайды және клиенттің несиелік тарихының сапасына және төлем қабілеттілігіне байланысты болады.

Мен картаға ақша аудара аламын ба?

Ия, сіз виртуалды картаны ХКБ қосымшасында ашып, қаражатты жаңа картаға аудара аласыз

Мерзімінен бұрын өтеудің шарттары қандай?

1. Несиені пайдаланудың нақты күндері үшін пайыздар мен комиссияларды есептеусіз несиені ресімдегеннен кейін 14 күн ішінде.

2. Несиені ресімдегеннен соң 14 күн өткеннен кейін пайыздарды есептей отырып, тек кредитті пайдаланудың нақты күндері үшін:

- ресімделген несиелер бойынша кез келген мерзімде қаржылық қорғалатын өнім;
- 12 айға (қоса алғанда) ресімделген несиелер бойынша 6 ай өткеннен кейін;
12 айдан астам мерзімге ресімделген несиелер бойынша 12 ай өткеннен кейін қаржылық қорғалмаған өнім.

Несиені мерзімінен бұрын банктің мобильді қосымшасында немесе банк терминалы арқылы және байланыс орталығының операторлары арқылы өтеуге болады.

Мобильді қосымша арқылы несиені мерзімінен бұрын өтеудің артықшылықтары қандай?

Мобильді қосымша арқылы кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде клиент:

- мерзімінен бұрын толық өтеу үшін соманы дербес тексеруге;

- банк бөлімшесіне бармауға;

- қосымша құжаттарға қол қоймауға құқылы;

- 3 минут ішінде мерзімінен бұрын өтеу мобильді қосымша арқылы өтеу процесінің тағы бір үлкен артықшылығы.

Үшінші тұлға клиент үшін несие бойынша төлем жасай ала ма? Бұл үшін не істеу қажет?

Иә, төлемді үшінші тұлға сайтта, терминалдар арқылы және Банктің бөлімшелерінде, шарттың нөмірі немесе қарыз алушының өтініші болған жағдайда жүргізуі мүмкін.

Банк бөлімшелерінде несиені төлеу үшін төлеушінің жеке куәлігі де қажет болады.

Егер мен 14 күн ішінде несие алу туралы ойымды өзгертсем, не істеу керек?

Егер ақшалай несие берiлсе, Банк бөлiмшесiне хабарласып, бұзуға өтiнiш жазу қажет.

Егер тауар кредиті болса, Сізге Банктің серіктес сатушысынан тауарды қайтару/бермеу туралы растау хатын алу және несиені бұзуға өтініш жазу үшін бөлімшеге өту қажет.

Klara Ai жобасы туралы

Klara Ai – кәсіпкерлік мен комьюнитиге бағытталған әйелдерге арналған алғашқы финтех

Біз әйелдер банктік сервистерді пайдаланып қана қоймай, бизнес жүргізетін, өзара қарым-қатынас жасайтын, бірлескен компаниялар құратын, комьюнити жинайтын және әлеуметтік жобаларды қолдайтын өнім-ортаны жасаймыз.

Миссиясы – бүкіл әлем бойынша жүз миллион кәсіпкер әйел құру! 🚀

Біз үшін бүгінде әйелдер – бұл арнайы қаржылық өнім құруға болатын және қажет ететін дербес санаттағы аудитория.

Біз әлеуметтендіру функциясы бар финтех экономикалық және әлеуметтік белсенді әйелдер үшін тамаша ортаға айналады деп шештік.

Біз неге әйелдерге назар аударамыз?

еркектерге қарағанда
24% артық қаражат жұмсайды
90 күннен асыра дефолтқа
27%-ға сирек жол береді
Электронды коммерцияның
ең белсенді клиенттері
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің
47% әйелдердікі!

Жақында

із мультивалюталық карталарды, депозиттерді, крипто транзакцияларды, ЖК арналған шоттарды, бизнесті несиелеу және басқа да көптеген сервистерді іске қосамыз

Ал әзірге сіз біздің бірінші өнімімізді – кепілдіксіз несиені пайдалана аласыз 😇
Несие алу

Егер жобамызды қолдағыңыз келсе,

біздің алғашқы клиенттеріміздің бірі болыңыз. «early adopters» бағдарламасына қосылып, Klara Ai ұялы қосымшасының beta тестісіне қатысыңыз.